Балқаштағы жарылыстың видеосы тарады

98
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9oKGrVBRKOJ9ffEjGb2UVVbLlhcL3Jf2S9aQece6.webp

Әлеуметтік желілерде Балқаш қаласындағы жарылыстың видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Төтенше жағдайлар басқармасы бұл тас карьеріндегі жоспарлы жарылыс жұмыстары екенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 1 қазанда сағат 14:34 шамасында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде Балқаштағы жарылыс туралы бейнежазба анықталған.

ТЖБ жедел тобы жарылыс сол күні сағат 10:30 шамасында қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі «НЕГІЗ-Д» ЖШС-не тиесілі тас карьерінде болғанын анықтады.

Карьер аумағында «Burtranscompany» ЖШС мердігер ұйымы тау жыныстарын ұсақтау мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізген.

Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, жұмыстар алдын ала белгіленген кестеге сәйкес және тиісті рұқсат негізінде орындалған.

Пікірлер