Ғылыми алты алаш. 6 елдің ғалымы зерттеу консорциумын құрады

322
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WrVPUs14VOw9LpHD2lqLq23uSVdxtt0C5lICCFmU.jpg

Алматыда алты елдің ғалымдары ғылыми консорциум құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі 24KZ-ке сілтеп.

Келісімге сәйкес, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Моңғолия ғалымдары бірлескен археологиялық экспедициялар ұйымдастырып, Алтын Орда мен Жошы ұлысының тарихын, қолжазбаларын зерттейді және ғылыми еңбектер дайындайды.

Сондай-ақ осы тақырыпқа қатысты тарихи материалдарды цифрландыру және бірыңғай тізілімге жинақтау жоспарланып отыр. Ғылыми ынтымақтастық бес жылға есептелген.

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, тарихи деректерді цифрлық форматта біріктіру маңызды. Осы мақсатта қазақстандық мамандар Қытай ғалымдарымен келіссөз жүргізіп жатыр. Тарихи материалдарды жүйелеу үшін Фудань университетінде әзірленген цифрлық модульді пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен қатар Гарвард университетінің платформасы да балама нұсқа ретінде ұсынылған.

Пікірлер