Алматыда 25-қабаттан қыз секіріп кетті

2654
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/eede915b-6f6a-4942-a0b2-e802f87a7032.jpeg

Алматыда 25-қабаттан қыз секіріп кетті. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп

түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген іім хабарламасында.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер