Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды. Бүгін Мемлекет басшылары маңызды екіжақты құжаттарға қол қоймақ. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Кремльдің хабарлауынша, кездесуде «Ресей-Қазақстан стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау жоспарлануда».
«Бұл біз үшін және Ресей-Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үшін толық ауқымды, өте маңызды сапар болмақ», - деді Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.Нәтижесінде құжаттарға, соның ішінде Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты Декларацияға қол қою жоспарлануда.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Егер спектакль дейтін болсақ, одан кім не ұтты? Бұдан екі жақ та ештеңе де ұтқан жоқ. Ұтқан тек — Тоқаев. "Ресейдің ішкі шаруасы” деген Тоқаев азды-көпті бедел жинап алған сияқты.
