"Депутаттары - қарақшы". Қандасымыз Моңғолиядағы жағдайдың жай-жапсарын ашып берді

3845
Adyrna.kz Telegram
Кеше Моңғолстан астанасы Ұлан-Батырда тұрғындар шеруге шығып, Үкімет үйіне баса-көктеп кірді. Болған оқиғаға қатысты түрлі жорамалдар айтылып жатыр. Моңғол тіліне жетік әрі ол жақтағы саяси үрдістерден хабары бар азамат Нұрбол Қанағатұлы болған жайттың жай-жапсарынан сөз етті. Нақты деректер турасында "Адырна" ұлттық порталы баяндайды. 
Автордың аңдауынша, елдегі ереуілге көмір ұрлығы мен "месқарын депутаттардың" жемқорлығы мұрындық болған.
- "Моңғолиядағы ереуіл не болып жатыр?" - деп кей БАҚ өкілдері сұрап жатыр. Әлі өліңкіремеген моңғолшаммен ол жақты бір шолып шықтым. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі көмір ұрлығы бойынша тексеріс жүргізу үшін Моңғол үкіметіне көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Кей мәліметтер бойынша көмір ұрлығына ол жақтағы парламент депутаттарының тең жартысынан астамының қатысы бар деседі. Моңғолия Бас Прокуроры бірнеше депутаттар үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесін қарауда. Ал ел президенті үкімет пен парламентті тарату жөнінде ұсыныс жасады.
Қазірге биліктегі басты екі партия бұны талқылауда. Парламент төрағасы ұрлық бойынша арнайы комиссия құрса, премьер-министрілер кабинеті нақты бір шешім, немесе тығырықтан шығатын ұсыныстарын жеткізбеді. Жалпы, көмір ұрлығымен басталған мәселенің арты басқа да әлеуметтік жағдайлар мен елдегі кен, пайдалы қазбалардың жағдайын қайта қарауға алып келді, - деп жазды қандасымыз.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер