Астрономдар бұрын болмаған ең үлкен ғарыштық жарылысты анықтады

2257
Adyrna.kz Telegram

Астрономдар бұрын-соңды болмаған ең үлкен ғарыштық жарылысты анықтады. Бұл туралы BBC жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жарылыс түнгі аспандағы ерекше жарқыраудан басталған. Бірақ мұқият тексергеннен кейін астрономдар бұрын-соңды байқалмаған ең үлкен ғарыштық жарылысты түсіргені белгілі болды. Оған алып газ бұлтының аса массивті қара құрдым жұтып қоюы себеп болған деген болжам бар.

8 миллиард жарық жылы қашықтықта бақыланатын жарылыс кез келген белгілі суперновадан 10 есе артық және үш жылдан астам уақытқа созылды. Бұл бұрын-соңды тіркелген ең қуатты жарылыс болды.

"Бір жыл ішінде оның бірте-бірте жарқырағаны байқалмай қалды. Біз бұл Күн жүйесінен 100 есе үлкен отты шар деп есептейміз. Үш жылда бұл оқиға 10 жылдағы Күннен 100 есе көп энергия бөлді»,- деді Саутгемптон университетінің астрономы Филип Уайзман

Ғалымдардың пайымдауынша, AT2021lwx деп аталатын жарылыс үлкен газ бұлтының қара құрдымға жұтылуының нәтижесінен болған сияқты. Газ бұлты әдетте қара тесіктерді қоршап тұратын үлкен, шаңды шеңберден пайда болуы мүмкін. 

Пікірлер