Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды

2872
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/01e51158-31b6-46c0-aed7-bf84a429c247.jpeg
Алматы қаласында аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды. Кадр мәселелері жөніндегі кеңес барысында қала әкімі Ерболат Досаев басшыларды ұжыммен таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев келді.
2022 жылдың тамыз айынан бастап ол қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарған еді. Бостандық ауданының әкімі Санджар Алин болды. Тағайындалғанға дейін Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер