Жанболат Мамайға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

2555
Adyrna.kz Telegram

Апелляциялық сот тіркелмеген Демпартия көшбасшысы Жанболат Мамайға шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы белсендінің жұбайы, журналист Инга Иманбай айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жанболат Мамайға шығарған сот үкімі өзгеріссіз қалды. 6 жыл шартты түрде сотталды, 6 жылға қоғамдық-саяси, журналистік қызметтен шеттетілді. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бүгін Жанболаттың оқшауда отырғанына 499 күн болды. Күрес мұнымен тоқтамайды. Енді Жоғары сотқа жүгінеміз, одан кейін БҰҰ комитеті бар. Қаншама халықаралық ұйымдар мәлімдеме жасады, БҰҰ Жұмыс тобы шешім шығарды. Соған қарамастан, билік репрессивті саясатын жалғастырды. Саяси реформа, өзгеріс деген осы ма?, – деп жазды ол.

Еске салайық, Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер