Теңіздей тасыған көңіл күй және мың бояулы табиғат: Алматы облысында туризмнің даму қарқыны

5376
Adyrna.kz Telegram

Туризм – Алматы облысы экономикасының қарқынды дамып келе жатқан саласы. Әкімдік бұл саланы дамыту бойынша таяу жылдарға арналған болашағы зор жоспар әзірледі. Қазіргі кезде облысқа жылына 1,2 миллион турист келеді.

 

Алматы облысы туристерді несімен баурайды?   

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев халыққа есеп беру кездесуінде Қазақстанға келетін әрбір екінші шетелдік турист Алматы агломерациясын тамашалайтынын атап өтті.

 

Шетелдік туристердің көп бөлігі Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, АҚШ және т.б. елдерден келеді.

 

Өңірлік билік туристер саяхаттайтын негізгі бағдарлар бойындағы жайлы инфрақұрылымды дамытып, оның ішінде ұлттық парктер аумағындағы соқпақтарды абаттандыра отырып, заманауи туристік навигация жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізуге ниетті. Мұндай жұмыстар бұрын Шарын шатқалында, Көлсай және Қайыңды көлдерінде жүргізілген болатын.

 

Енді жергілікті әкімшілік басты назарды облыс орталығы Қонаев қаласы мен Қапшағай суқоймасына аударып отыр.

 

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ақпараттық пункттер желісі, кеңесшілері, туристік навигациясы, кәдесыйлар дүкендері бар заманауи сапар-орталық құру қажеттігін атап өтті.

 

 

Демалушылардың қандай шағымдары бар?  

Жергілікті шипажайлардың қазіргі жағдайын жақсарту қажет екендігі жасырын емес.

 

Бірқатар ескертулерден кейін Алматы облысында Көлсай және Қайыңды көлдерінде жазғы уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, туристерге ақпарат беріп отыру мақсатында туристік полиция жұмысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қазіргі кезде инвесторлардың белсенді түрде тартылып жатқанын айтты. Сондай-ақ кейінгі кездері облыста 200-ге тарта туризм объектісінің пайдалануға берілгенін атап өткеніміз жөн. 100-ден астам туристік компания лицензиялық негізде жұмыс істейді. Туризмді дамыту жергілікті халықты тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Пікірлер