Бас прокуратура Астанадағы мектептерді тексеруге кірісті. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Білім ошақтарындағы қауіпсіздік талаптары қалай орындалатынын қарашаның соңына дейін бақылайды.
Арнайы жұмысқа 70-тен астам құзырлы органдардың өкілдері жұмылдырылды.
Олар полиция, әлеуметтік қорғау инспекциясы, төтеншеліктер және білім беру мекемелерінің қызметкерлері.
Айта кетейік, қазір Астанада 98 мемлекеттік, 60-қа жуық жекеменшік мектеп бар.
Еске салсақ, Астанадағы мектептердің бірінде 62 жастағы күзетші оқушы қызды зорламақ болғанын хабарладық.