Өзбекстан билігі Қазақстаннан жеткізілген техниканы қайта тексермек

1294
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Өзбекстан билігі Қазақстаннан жеткізілген электр жабдықтарын қайта тексеруге шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ферғанаға сілтеп.

Өзбекстан билігі 2021-2022 жылдары Қазақстаннан әкелінетін электр жабдықтарының шығу тегі сертификаттарын қайта тексеруге шешім қабылдапты. Себебі билік бұл тауарларды «күдікті» деп санауда. Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Жәмшид Ходжаев басқаратын үкіметтік комиссияның хаттамасында көрсетілген.

Өзбекстан билігі қолданыста қазақстандық техниканың артқанын айтып, дабыл қаққан. Үкімет көршілес мемлекетке Қазақстаннан жеткізілетін тұрмыстық техниканың Қытайда шығарылған болуы мүмкін екенін айтады. Ал тауарларды ТМД елдері шеңберінде Өзбекстан нарығына бажсыз жеткізу үшін тек минималды оқшаулауды жүзеге асыруда деп санайды.

Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігі, «Өзбекэкспертиза» компаниясы және Кеден комитеті Қазақстаннан жеткізілген электр жабдықтарының шығу сертификаттарын қайта тексеретін болады.

Өткен жылы Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев соңғы бес жылда электр өнеркәсібінде жалпы құны 640 миллион доллар болатын 224 жоба іске қосылғанын хабарлады. Дегенмен де президент тұрмыстық техниканың импорты жылына 800 миллион долларды құрағанын да атап өтті.

Пікірлер