Бір көлікті жууға арналған су шығыны шамамен 200-250 литрді құрайды - министр

1021
Adyrna.kz Telegram
Фото: mirsmazok.ru
Фото: mirsmazok.ru

Монша кешендерінің суды тұтыну көлемі жылына шамамен 120 млн текше метрді құрайды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, суды қайта пайдалану тиімділігін арттыруға барлық негіз бар. 

"Біріншіден, бұл автокөлік жуу және басқа да қызмет көрсету кәсіпорындарына қатысты. Мысалы, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны шамамен 5 млн бірлікті құрады. Орташа алғанда өзіне-өзі қызмет көрсететін орындарда бір машинаны жууға арналған су шығыны шамамен 200-250 литрді құрайды. Жүк машиналары мен автобустарға келгенде су шығындары 500-700 литрге дейін артады. Бұл жылдық мәнде шамамен 100 млн текше метр суды құрайды. Ал монша кешендерінің суды тұтынуы жылына шамамен 120 млн текше метрді құрайды", - деп атап өтті спикер.

Нұржан Нұржігітов ШОБ объектілерінде "таза судың" нақты қолданылуын ескеріп, су ресурстарын қайталама пайдалану технологияларын енгізу қажет екенін айтты. 

"Жергілікті тазарту құрылыстары технологияларын қолдану, атап айтқанда көлік жуу орындарында орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен "таза суды" тұрақты қоспай және тұтынбай, су ресурсын қайталама және тұрақты айналымға қосуға мүмкіндік береді", - деді министр.

Пікірлер