Ақын Жүрсін Ерман ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына өз аяғымен жүріп шықты. Ол кеше, 9 мамырда Қостанай облысында өткен Республикалық ақындар айтысына барған. Ақынның фотосын Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай желіге жүктеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ұзақ жылдар бойы айтыстың басы-қасында жүрген Жүрсін Ерман қазақтың халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған республикалық ақындар айтысында қазылар алқасында төрелік етті.
«Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін», - деп жазды ол.
Еске салайық, Жүрсін Ерман былтыр ауырып, жансақтау бөліміне түскен. Кейін Еуропаға емделуге кеткен. 2024 жылы ақынның денсаулығы жақсарып, аяққа тұрғаны хабарланған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Совет кезінде айтысты тірілтіп, сөздік құрастырған үкімет басшысы. Нұртас Оңдасыновтың туғанына - 119 жыл