Иранда әйел адам өнер көрсететін концерт өтпей қалған

1210
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/15b321d5-dfa7-4b71-b551-7b9f0ca17bfe-960x500.jpeg?token=76be6b80a2c7d74865e2ec9fb6534a29
Иранда әйел музыкант өнер көрсетеді деген концерт өтпей қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп. Бұл туралы Ирандағы адам құқықтары ұйымы хабарлады. 5 ақпанда Исфахан қаласында «Лиана» музыкалық тобының концерті өтуі керек болған. Дегенмен, музыканттардың арасында әйелдің болуына байланысты концерт тоқтатылды. Музыкалық топтың жетекшісі – Мохсен Шарифиан. Оның қызы Лиана Шарифиан да топ мүшесі. Оның қатысуына байланысты концерт өтпей қалды. Қазір концерт өткізуге барлық құзырлы органдардан алдын ала рұқсат алынғаны айтылып жатыр.
Пікірлер