Трамп АҚШ Білім министрлігін тарату туралы жарлыққа қол қойды

1240
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Дональд Трамп Білім министрлігін тарату туралы жарлыққа қол қойды. Рәсім 20 наурыз күні оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен Ақ үйде өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттырады.

«Министрлікті тезірек жапқымыз келеді. Оның бізге түк пайдасы жоқ», – деді Трамп.

Ал демократтар Дональд Трамптың ведомствоны тарату туралы шешімін жауапсыз әрекет деп атады.

Жарлық бойынша, білім саласын басқару құзыреті штаттар мен жергілікті уәкілдік органдарға беріледі.

Бұған дейін Трамп министрлік жұмыс істеген 45 жылда білім берудің сапалы үлгісін көрсете алмағанын мәлімдеген еді. Мекемені толығымен жою үшін Конгрестің мақұлдауы қажет.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер