Алты партияның астауы. Бюджеттен 81,2 млрд теңгеден астам қаржы сұралды

1957
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/65e61909-460c-4fc6-a18e-5e4efcd33d72-960x500.jpeg?token=a97088c1c6366af3f56faa44eed5a5fa

Мемлекеттік бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруға 81,2 миллиард теңгеден астам қаржы сұралды, деп хабарлайды “Адырна” ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығындар (теңгемен):

  • 2024 жыл – 15 227 883;
  • 2025 жыл – 15 227 883;
  • 2026 жыл – 16 100 949;
  • 2027 жыл – 16 904 444;
  • 2028 жыл – 17 750 636 теңге», – делінген бюджеттік бағдарлама жобасында.

Бағдарламаның мақсаты ретінде «Саяси партияларды қаржыландыру бойынша мемлекеттің міндеттемелерін тиімді орындау» көрсетілген.

Жоспарланған мақсаттар бойынша көрсетілген қаражат есебінен мәжіліс сайлауының нәтижесі бойынша өкілдігі бар саяси партияларды келесі жылдарда мынадай деңгейде қаржыландыру көзделіп отыр:

  • 2026 жыл – 100%;
  • 2027 жыл – 100%;
  • 2028 жыл – 100%.

Құжатқа сәйкес, қаржыландыру алты саяси партияға бөлінбек.

Қазіргі таңда мәжілісте мына алты саяси партия өкілдік етеді:

  • «Аманат» партиясы; 
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • Respublica партиясы; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның Халық партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП).
Пікірлер