Асқазанның біз білмейтін ғажабы бар

6437
Adyrna.kz Telegram

Асқазан-ішек жолдарының адам тіршілігінде қандай роль атқаратынын білеміз: асты қорытады, сіңіреді, азықтық заттарды сіңіріп, қажетсіз қалдықтарды тысқа шығарады деп жазады «Адырна» ұлттық порталы «Ауырмаңыз!» газетіне сілтеме жасап. Дегенмен оның біз білмейтін , біліп, пайдаланар болсақ, кәдеге асатын тағы да бірнеше айрықша қасиеттері бар екен. Төмендегі әңгіме сол жөнінде болмақ.

Қарын майын азайтады

Адам асты мұқият шайнау арқылы асқазанның жұмысын жеңілдетеді. Бұл кезде ас қорыту жүйесінің басқа бөлігі асты қорытуға дайындалады, асқазан қышқылын бөледі. Әрбір тістелген қатты ас бөлігі кемінде 40 мәрте шайналғаны жақсы екен. Ғалымдар бұған зерттеу кезінде көз жеткізген. Осылайша шайналған ас жақсы қорытылады, адамды дұрыс тойындырады, семіртпейді, сымбатын сақтайды. Ол қарынға іркілетін майды азайтады.

Сымбатқа дәмдеуіш те себеп

Асқазандағы асты қорытуға түрлі дәмдеуіштер, әсіресе зімбір мен куркума жақсы көмектеседі. Олар ағзаның өтті көбірек бөлуіне әсер етеді, ұйқы безінің жұмысына жәрдемдеседі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сол арқылы май тез ыдырап, оның денеге іркілуіне кедергі келтіреді. Бұл да дене сымбатына қызмет етеді.

2 литрге жуық сұйық сияды

Асқазан бос күйінде оның көлемі кәдімгі стаканның бестен біріндей ғана болады екен. Ал тамақ ішкен соң ол 8 стакан көлеміне дейін ұлғаяды. (Асқазанға 1,9 литр сұйық сияды). Қысқасы, оны осы көлемге дейін толтыруға болмайды, зияны тиеді.

Сілекей дәмді күшейтеді

Адам ағзасы күніне алты стакан сілекей түзеді екен. Сілекейсіз адам астың дәмін сезе, оны шайнай, тіпті жұта да алмайды. Тпіті онсыз сөйлеу де мүмкін емес.

4-5 күнде жаңарады

Асқазан ас қорыту үшін көп мөлшерде тұз қышқылын бөледі. Бұл аса күшті сұйықтық асқазан-ішек жолдарының кілегей қабатын да «жеп» қоя алады. Сондықтан асқазан оны әрбір төрт-бес күн сайын жаңартып отырады екен.

Аэробты жаттығулар жасаңыз

Мүмкін болса, тамақ ішіп болғасын бір сағаттан соң аэробты жаттығулар жасаған асқазанға жақсы. Ол құрсақ аумағы бұлшық еттерін жаттықтырады, олардың жиырылу-жазылу қасиетін күшейтеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ол асты дұрыс қорытады, кері қайтармайды.

«Қышқыл рефлексіне» мән беріңіз

Кейде асқазандағы астың кері тебуі қыжыл арқылы емес, суықтау кезіндегідей тамақ пен өкпеде ауырсыну пайда болуы арқылы да білінеді. Мұндайда дәрігерге көрініп, тиісті ем қабылдау қажет.

Терең тыныс алған көмектеседі

«Қышқыл рефлексі» кезінде тағайындалған кейбір препараттар тұз қышқылының түзілуіне кері әсерін тигізеді, ал ол асқазан жұмысын бұзуы мүмкін. Мұндайда диафрагманы жаттықтыратын тыныс алу жаттығуларының маңызы зор. Ол симптомдарды жеңілдетеді, препараттарға тәуелділіктен құтқарады. Терең тыныс алу ішке енетін уау көлемін азайтып,асқазанды өңешпен жалғайтын сфинктер аумағындағы бұлшық еттерді кұшейтеді, бұл асқазан үшін аса пайдалы.

Стрестен сақтаныңыз

Құрсақ аумағындағы асқазан-ішек жолындағы көптеген жүйке қосылыстары орталық жүйке жүйесімен тікелей байланысты. гер адам стресске ұрынса, бұл кезде ми асқазанды қанмен қамтуын бірден тежейді, одан «іш бұзылулары» пайда болады. Одан құтылу үшін адам сабыр сақтап, ұстамды болуы керек, стресске қарсы препараттар қабылдағаны жөн.

...Міне,асқазанның біз білмейтін осындай ерекше қасиеттері бар екен. Оны біліп, есте сақтай жүріңіз.

 

 

Фото ашық дереккөзден алынды.

 

Пікірлер