АҚШ Қырғызстан мен Тәжікстаннан қақтығыстарды түбегейлі тоқтатуды ұсынды

2813
Adyrna.kz Telegram

Вашингтонда Атлантикалық кеңес өткізген вебинарда Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Джонатан Хеник АҚШ-ты Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы соңғы оқиғалар жігерлендіріп отырғанын баса айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Жағдай түбегейлі шешілді деп айта алмаймыз. Ол шешілмеген. Адамдардың үйлеріне оралып, қалпына келтіру жұмыстарына жағдай жасау үшін бейбітшілік пен тұрақтылық қажет", - деді АҚШ-тың сыртқы саясат жөніндегі өкілі.

«Біз АҚШ, әрине, Бішкек пен Душанбедегі елшілік арқылы екі елдің басшыларымен тікелей байланыста отырмыз. Біз олардың Вашингтондағы елшіліктерімен байланысқа шықтық. Кез-келген жағдайда қақтығысты бейбіт жолмен шешуді ұсындық», - деді Хеник.

«Ал, одан да маңыздысы - біз шынымен де басшылықты [Бішкек пен Душанбедегі] жауапкершілікті өз мойнына алуға, жағдайдың қайталанбауы үшін жағдай жасауға шақырдық»,- деп сөзін аяқтады Хеник.

Еске сала кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай 28 сәуірде Татарстан Республикасының азаматтары Баткен облысының Көк-Таш ауылындағы су қабылдағышқа бейнебақылау камераларын орнатуды бастағаннан кейін ушығып кеткен болатын. Ауызша қақтығыс нәтижесінде екі елдің тұрғындары бір-біріне тас лақтыра бастады. Кейіннен тәжік тарапы аңшы мылтығымен өтіп бара жатқан қырғыз азаматтарының көліктеріне оқ жаудыра бастады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер