Еуропарламент депутаты: Қазақстанға санкция салуды талап етеміз

4036
Adyrna.kz Telegram

Еуропарламент депутаты Руза Тун адам құқығының бұзылуына байланысты Қазақстанға қарсы «санкция талап етуге мәжбүр боламыз» деді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеп. 

“Кешегі кездесу: Еуропарламент депутаттары мен қазақстандық депутаттар.
Олар (Қазақстан депутаттары): Адам құқығына кепілдік берілген.
Мен: Бүгін 13 саяси белсенді сотқа тартылды ғой.
Олар: Біз түрмедегі жағдайды жақсартып жатырмыз.
Мен: Неге қамалған белсенділер “жүрек талмасынан” көз жұмады?! Біз әріптестікті қалаймыз, алайда біз санкцияны талап етуге мәжбүрміз” деп Твиттер парақшасына Еуропарламент депутаты Руза Тун жазды.

11 қазанда Еуропарламентте Еуроодақ пен Қазақстан парламенттік ынтымақтастық комитетінің отырысы өтті. Еуропалық парламенттегі қазақстандық делегацияға қатысқан қазақстандық депутаттар Линник, Сарым, Скакова, Айтпаева тілшілердің сұрақтарына назар аудармады.

Сенаттың баспасөз қызметі сенатор Айтпаеваның Еуропалық Парламентке келгенін, онда басқалармен қатар адам құқықтары мен азаматтық қоғам мәселелері бойынша пікір алмасу болғанын хабарлады.

Мәжілістің баспасөз қызметі депутат Снежанна Имашева өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуропа Кеңесімен адам құқықтары бойынша өзара әрекеттесу мәселелерін көтергенін хабарлады.

12 қазанда Имашеваның өзі Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Еуропалық Одақ пен ҚР парламенттік ынтымақтастық комитетінің отырысында адам құқықтары жөнінде мәселе талқыланғанын, бірақ олар санкциялар туралы «айтпағанын» айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте Еуропарламент депутаты Роза Тун Қазақстанда адам құқықтарын бұзуға кінәлі адамдарға санкция қолдануды талап еткен болатын. Қазақстан Мәжілісінің депутаттары Orda.kz журналисінің Еуропарламент тарапынан санкция салудың ықтимал қаупі туралы сұрағына жауап бере отырып, Еуропада «жоғалтатын тіпті ештеңе жоқ» деп санайды, сондықтан санкциялар тізіміне ену - бұл «алаңдарлық дүние емес».

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер