"Мемлекеттен әр азаматқа 70 мың теңге төленеді". Министрлік ақпаратты жоққа шығарды

925
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pTSPuyiG56CJMpwnRfrafXuKDdkVRdUPEpuhXwUJ.jpg

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан азаматтарына 1949–2010 жылдар аралығында туғаны үшін 70 мың теңге көлемінде төлем қарастырылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеген.

Ведомствоның хабарлауынша, белгісіз тұлғалар азаматтарға сілтеме арқылы өтіп, жеке деректерін енгізуді ұсынып, жалған уәде беруде.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай әлеуметтік көмек түрі мүлдем жоқ. Сілтеме арқылы өту — алаяқтардың жеке ақпаратты ұрлауына жол ашуы мүмкін", — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Министрлік азаматтарға тек ресми дереккөздерге сенуді және бейтаныс сілтемелерге өтпеуді ескертті.

"Мемлекеттік қолдауға қатысты ресми ақпарат тек 1414 қысқа нөмірінен СМС-хабарлама арқылы жіберіледі. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады", — деп ескертті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Comments