Өзбекстан халқы 38,2 миллионнан асты

218
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/c9xDQOLevcKzpXw72IvtgiatzjQ2odY5XJNB5xFu.jpg

2025 жылы Өзбекстан халқы 693,5 мың адамға немесе 1,8%-ға өсті, ал 2026 жылдың 1 қаңтарына қарай 38 236,7 мың адамға жетті, деп хабарлайды “Адырна” елдің статистика агенттігіне сілтеп.

Өзбекстан халқының өсу қарқыны үшінші жыл қатарынан төмендеп келеді – өткен жылы 2%, 2024 жылы 2,2% болған. Бұл үрдіс Қазақстанда да байқалады.

Дегенмен, Өзбекстан Орталық Азиядағы ең тығыз халқы бар ел болып қала береді және халықтың өсу қарқыны жоғары деңгейде сақталуда.

Елде қала халқының саны да артып келеді, оның үлесі 50,9%-ға жетті, ал ауыл халқының үлесі 49,1%-ға төмендеді.

Өткен жылы Өзбекстанға тұрақты тұруға 1,2 мың адам келіп, 10,1 мың адам елден кеткен.

Ташкент қаласының тұрғын саны 2026 жылдың 1 қаңтарына қарай 3 178,1 мың адамға жетті – Өзбекстан астанасы Орталық Азиядағы ең ірі қала болып қалуда.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын  20 495 975 адамға жетті.

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға артқан.

Ресми деректерге сәйкес, халық саны ең көп өңірлердің қатарында Түркістан облысы мен Алматы қаласы тұр. Түркістан облысында халық саны 2 148 658 адамға жетіп, 2 миллиондық межеден асты. Ал Алматыда 2 347 924 адам тұрады.

Сондай-ақ халқы 1 миллионнан асатын өңірлер мен қалалар қатарында Астана, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы және Қарағанды облысы бар. Атап айтқанда, Астанада 1 638 233 адам тұрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 109 530 адамға көп. Ал Алматы облысында 1 596 331 адам тіркелген. Шымкентте халық саны 1 293 648 адамға жетсе, Жамбыл облысында 1 215 373 адам, Қарағанды облысында 1 131 287 адам тұрады.

Халқы ең аз өңірлер қатарында Ұлытау облысы (218 993 адам), Солтүстік Қазақстан облысы (514 156 адам) және Абай облысы (595 676 адам) аталды.

Статистикаға сәйкес, елде урбанизация үрдісі жалғасып жатыр. Қалаларда 13 029 803 адам тұрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 256 688 адамға көп. Ал ауыл тұрғындарының саны 7 466 172 адамды құрап, 44 112 адамға азайған.

Сарапшылардың пікірінше, халық санының өсуіне табиғи өсім мен ішкі көші-қон әсер етуде.

Comments