«ДосболLike» бағдарламасы – білім беру ортасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L9KkhEqXfA4mnYaZnXm60hLDEZUDzTVJsz06OLEF.jpg

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – білім беру процесіне қатысушылардың барлығына, соның ішінде мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Мектеп балалардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады әрі оқу бағдарламасы оларды күйзеліске төтеп беруге, сондай-ақ буллинг пен зорлық-зомбылықтың өзге де түрлерімен күресуге үйретуі тиіс.

Қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру бағытында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ 2024 жылы білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алуға арналған «ДосболLIKE» бағдарламасын әзірледі.

«ДосболLIKE» бағдарламасы келесі мақсаттарға бағытталған:

  • білім алушылар арасындағы агрессивті мінез-құлықтың алдын алу;
  • балалар арасындағы және топтық қарым-қатынасты оңтайландыру;
  • жанжал кезінде білім алушылардың конструктивті әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
  • білім алушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын (төзімділік, эмпатия және т.б.) дамыту.

Оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға бағытталған жобалық қызмет бағдарлама негізіне алынған. Бұл мектепте зорлық-зомбылыққа қарсы атмосфера қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Бағдарламаны 1-11 сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне оқыту ұсынылады.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде буллингтің алдын алуға арналған «ДосболLIKE» бағдарламасы енгізілді. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингті азайтуға, сондай-ақ қауіпсіз және сыйластыққа негізделген білім беру ортасын құруға бағытталған.

2025 жылдан бастап Ақмола облысының 623 педагогі «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Аталған бағдарламаның өзектілігі білім беру ұйымдарының тәжірибесіне кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллинг фактілерінің өсуіне тосқауыл болатын тетіктер мен әдістемелер жүйесін енгізудің маңызын айқындады..

 

Курсты аяқтағаннан кейін педагогтер:

 

білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бойынша педагогтердің психологиялық-педагогикалық қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы жүйелі білімді меңгереді;

«ДосболLIKE» бағдарламасының тұжырымдамалық және мазмұнды-әдістемелік негіздерін меңгереді;

 

білім беру ұйымдарында балалардың жәбір көруіне (буллингке) қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;

 

оқушылармен интерактивті сабақтар өткізеді, білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізеді.

 

Тек бірыңғай әдісті пайдалана отырып буллингке жол берілмейтін және әрбір оқушының әл-ауқаты басты назарда болатын ортаны құруға болады.

Comments