Patriot зымырандары тапшы. Трамп Иранға қарсы эскалацияны кейінге қалдырды

119
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияны кеңейтуді уақытша кейінге қалдырды. Бұл туралы The New York Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды "Адырна".

 Басылым мәліметінше, 24 шілдеде АҚШ президенті кеңесшілерімен және жоғары лауазымды шенеуніктермен кеңес өткізген. Жиынның негізгі тақырыбы – Таяу Шығыстағы Patriot әуе қорғаныс кешендеріне арналған зымыран-тосқауылдағыштардың және басқа да әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне қажетті оқ-дәрілердің тапшылығы болған.

АҚШ Қарулы күштері штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы Дэн Кейн ауқымды әуе соққылары АҚШ Орталық қолбасшылығын стратегиялық маңызы бар әскери қорларсыз қалдыруы мүмкін екенін ескерткен.

Дереккөздердің айтуынша, Трамптың айналасында Иранға қарсы әскери әрекетті күшейтуді қолдайтындар аз. Шенеуніктердің бірі мұндай шабуылдар Иран қоғамының бұрынғыдан да бірігуіне ықпал етіп, келіссөздердің жақындауына әсер етпейтінін айтқан.

The New York Times басылымының жазуынша, АҚШ әкімшілігі соғыстың кеңеюінен, Иран шабуылдарына осал Парсы шығанағындағы одақтастарымен қарым-қатынастың күрделенуінен, сондай-ақ энергетикалық және көші-қон дағдарысының ушығуынан қауіптеніп отыр.

Comments
Other materials