«Алып қашты». TikTok-та жалған мәлімет таратқан қыз айыппұл арқалады

102
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/u6kuUqclJaPpQiJez6JNHpLorlfiCUXvNQenFjA5.jpg

TikTok-та "мені алып қашты" деп жалған мәлімет таратқан қыз айыппұл арқалады. Бұл туралы Алматы облысының Қарасай ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бойжеткенге қатысты іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша қаралған.

«2026 жылғы 15 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де азаматша К. «TikTok» әлеуметтік желісінде өзіне қатысты ұрлап кету фактісі орын алғаны жөнінде бейне жазбаны жариялағаны анықталды. Аталған бейнежазба әлеуметтік желі парақшасында таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған. Сот отырысында азаматша К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді»,- делінген хабарламада.

Іс материалдарын зерделей келе, сот азаматша К.-ның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ, алайда әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар деген қорытындыға келген.

Сот қаулысымен азаматша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. Азаматша К. әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және жасаған әрекетіне өкінетінін ескере отырып, айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, түпкілікті төлейтін сома 60 550 теңгені құраған.

Пікірлер