Газадағы соғысқа 200-ге жуық қазақстандық қатысқан - БАҚ

227
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fIgzrKH7s1L4tOgKoDFA2LirJfYP3OW8O6VcEg08.jpg

Израильдің Газа секторындағы әскери науқаны кезінде мыңдаған шетел азаматы соғыс қимылдарына қатысқан. Бұл туралы Al Jazeera басылымының аналитикалық материалында айтылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылым дерегінше, Израиль жағында 189 Қазақстан азаматы соғысқан. Одан бөлек, 264 өзбекстандық, 52 қырғызстандық, 31 түркіменстандық пен 8 Тәжікстан азаматы аталған.

Жарияланымда Израиль қорғаныс армиясындағы әскери қызметкерлердің едәуір бөлігінің қос азаматтығы бар екені атап өтілген.

Кемінде 12-13 мың әскери қызметкерде АҚШ азаматтығы бар екені көрсетілген және бұл ең ірі топ саналады. Сондай-ақ Франция мен Ресей азаматтарының саны да айтарлықтай көп. Ол шамамен 5–6 мың адамды құрайды. Ұлыбритания, Германия және Украина азаматтары 1000-нан асады.

Авторлар кейбір шетелдік Израиль армиясында тұрақты негізде қызмет етсе, енді бір бөлігі қақтығыс ушығып кеткеннен кейін елге келгенін атап өтеді.

Материалда халықаралық гуманитарлық құқық нормалары бұзылған деп танылған жағдайда шетел азаматтарының ықтимал заңдық жауапкершілігі туралы мәселе көтеріледі.

Құқық қорғау ұйымдары әскери қызметкерлер шыққан елдерде тергеу жүргізіп, жауапкершілікке тарту қажеттігін атап өтеді. Алайда бірқатар мемлекеттің ресми органдары мұндай шаралардың басталғаны жөнінде ашық мәлімдеме жасаған жоқ.

Газа қақтығысы халықаралық деңгейде өткір талқыланып отыр, ал шетел азаматтарының соғысқа қатысуы дипломатиялық әрі құқықтық даулар туғызуда.

 

Пікірлер