Сыналар кезің келді, «Сұңқар». Сөзбұйдасы созылған зымыран ғарыш жолына қойылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SOrIBdAYjCn815NUeB4XdAdnuzWx2M3jwQF9E19C.jpg

«Сұңқар» («Союз-5») зымыран-тасығышы алғашқы сынақтық ұшырылымға дайындық мақсатында Байқоңыр ғарыш айлағының ұшыру кешеніне бірінші рет шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Сұңқар» зымыраны 31 наурыз күні ғарыш айлағының теміржол желісі арқылы 42-алаңдағы құрастыру-сынақ корпусынан шығарылып, 45-алаңдағы ұшыру құрылғысына тік күйде орнатылды. Алдағы бірнеше күн ішінде ғарыш айлағының мамандары ұшыру кешені мен зымыран-тасығыштың жүйелеріне соңғы тексеріс жұмыстарын жүргізеді», – деді дереккөз.

«Сұңқар» зымыран-тасығышын пайдалы жүктеме макетімен сынақ үшін ұшыру 3 сәуір күні Астана уақытымен сағат 16:00-ге жоспарланған.

Зымыран ұшатын "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешені – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Байқоңырдағы №45 ұшыру алаңы негізінде жасақталған жоба экологиялық таза отынмен жұмыс істейтін зымырандарды ұшыруға арналған инфрақұрылым құру мақсатын көздейтіні айтылады. Жоба 2004 жылы басталып, 2005 жылы сол кездегі президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен ресми түрде іске қосылған болатын.

Бұған дейін «Сұңқар» зымыран-тасығышын Байқоңырдан ұшыруға дайындық басталғанын жазған едік. Кейіннен оны ұшыру төртінші мәрте кейінге шегерілгені анықталды.

Зымыран ұшатын "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешені – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Байқоңырдағы №45 ұшыру алаңы негізінде жасақталған жоба экологиялық таза отынмен жұмыс істейтін зымырандарды ұшыруға арналған инфрақұрылым құру мақсатын көздейтіні айтылады. Жоба 2004 жылы басталып, 2005 жылы сол кездегі президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен ресми түрде іске қосылған болатын.

Айта кету керек, Ресейде — «Союз-5», Қазақстанда «Сұңқар» аталатын бұл алып құрал — орта класты, екі сатылы зымыран. Ол экологиялық қауіпсіз отын — нафтил мен сұйық оттегін пайдаланады. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, Қазақстанның ғарыш саласындағы әлеуетін арттырып, халықаралық ұшыру нарығындағы орнын күшейтуге мүмкіндік береді деп хабарланған.

Бұған дейін ресейлік БАҚ-тың зымыран атауына қатысты пікір жариялаған едік. Ал былтыр Байқоңырдағы Гагарин старт алаңының орнынан көне өркениет ошағы табылғаны хабарланған болатын. 

Пікірлер