15 жасқа дейінгі балалардың әлеужеліге кіруіне тыйым салынбақ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8mCpec7CBplVKnSe1xM3M1VP2Eai5952pLLqQgUt.jpg

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис елде 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі euronews.com-ға сілтеме жасап.

Сауалнамалар көрсеткендей, ересектердің 80%-дан астамы 15 жасқа дейінгі балалардың әлеужеліге кіруіне  шектеу қою идеясын қолдаған.

«Біз күрделі, бірақ қажетті қадам жасауға бел будық. Грекия – әлемде осындай қадамға алғаш барған елдердің бірі», – деді премьер-министр.

Кириакос Мицотакистің айтуынша, заң жобасы осы жазда парламентке енгізіліп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

«Біздің мақсатымыз – сіздерді технологиядан шектемей, кейбір қосымшаларға деген тәуелділіктен қорғау. Баланың миы экран алдында сағаттап отырған кезде демалмайды. Бұны ғалымдар дәлелдеген», – деді ол.

Грекия үкіметінің басшысы ата-аналарға үндеу жасап, ешқандай заң олардың қамқорлығын алмастыра алмайтынын, мемлекет тек қосымша құрал ұсынатынын айтты.

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда Австралияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салатын заң күшіне енген еді. Елдің интернет реттеушісінің хабарлауынша, Австралияда қызмет көрсететін әлеуметтік желілер балалар мен жасөспірімдердің аккаунттарын өшіруге міндетті. Бұл шара Франция мен Дания сияқты кейбір Еуропа елдерінде де қолдау тапқан, олардың билігі 2026 жылы сәйкес заңдарды қабылдауды жоспарлап отыр.

Пікірлер