Қазақстанда халықаралық деңгейдегі Күрес академиясы ашылады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MC1XKsWNMCvj5ilb9kYxx0bIGyB48sJ8tnzZ8PUh.jpg

Фото: olympic.kz

Қазақстан Күрес федерациясы мен United World Wrestling арасында тарихи меморандумға қол қойылды. Енді елімізде әлемдік деңгейдегі балуандарды даярлайтын бірегей орталық жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды "Адырна".

Жаңадан ашылатын Күрес академиясы UWW тарапынан жоғары тиімділік орталығы ретінде танылған заманауи кешен болмақ. 

Мұнда спорттың бірнеше түрі қамтылады:

  • Грек-рим және еркін күрес;
  • Әйелдер күресі;
  • Жағажай күресі.

Академияның басты ерекшелігі – оның құрылымында арнайы медициналық және спорттық-ғылыми зертханалардың болуы. Бұл балуандардың физикалық дайындығын ғылыми негізде бақылап, жарақаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.

UWW президенті Ненад Лалович пен еліміздің Күрес федерациясының басшысы Еркін Оқасов федерацияның жаңа кеңсесін таныстырды. Кеңсе ішінде Қазақ күресінің Даңқ залы ашылды.

Экспозициядан қазақстандық чемпиондардың Олимпиада ойындары мен әлем біріншіліктерінде иеленген жүлделерін, белбеулерін және жеке мұрағаттық жәдігерлерін көруге болады.

Сапар барысында қонақтар Астана мен Алматының спорттық нысандарын, соның ішінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайын аралады. Ненад Лалович Қазақстандағы спорт инфрақұрылымының даму қарқынына жоғары баға беріп, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер