Астанада 6 жастағы бала 13-қабаттан құлап, қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/z0xPnDWMklxxNcfZ5FW6J8kD5QgB3bvBnMlqC68E.webp

21 сәуір күні Астанада 13-қабаттан алты жастағы бала құлап кетті. Бұл туралы қалалық ПД жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға Тілендиев көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

«Оқиға кезінде отбасының ересек мүшелері ас үйде болған, ал бала бөлмеде қараусыз қалған. Ол балкон терезесінен құлап, көз жұмды», — деп түсіндірді полиция.

Астана ПД дерегінше, жыл басынан бері елордада балалардың терезеден құлауының 7 дерегі тіркелген, оның екеуі өліммен аяқталған. Көп жағдайда қайғылы оқиғалар ересектердің балалар қауіпсіздігіне немқұрайды қарауынан болады.

Полицейлер ата-аналарды балаларды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

 

 

 

Пікірлер