Ресей қазақ мұнайын Германияға жеткізу не себепті тоқтатылатынын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FUShm1A41AxAP8GL8gYLIv2dcZ2IsHGbjjagbu5Y.jpg

Ресей 1 мамырдан бастап «Достық» мұнай құбыры арқылы қазақ мұнайын Германияға жеткізуді тоқтатады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ол мұндай шешімді «техникалық мәселелермен» байланыстырды және «қазақстандық серіктестеріміздің барлық мүддесі басқа бағыттар арқылы қамтамасыз етіледі» деп уәде берді.

Жеткізілімдердің тоқтатылуы туралы алғаш болып Reuters агенттігі хабарлаған еді, бірақ шешімнің себебі аталмаған. Кейін бұл мәліметті Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бейресми ақпаратқа сүйене отырып растады. Министр мәселе инфрақұрылымның зақымдануына байланысты болуы мүмкін екенін айтып, техникалық мүмкіндік туған бойда транзит қайта жалғасатынын жеткізді.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Қазақстан мұнайы «басқа бос логистикалық бағыттарға» жөнелтілетінін мәлімдеді. Ол көптеген ел, соның ішінде Германия ресейлік мұнай жеткізілімдерінен бас тартқанына өкініш білдіріп, құбыр арқылы айдау теңізбен экспорттауға қарағанда тиімдірек екенін атап өтті.

 

Пікірлер