Қоқыс полигонында өрт шықты

92
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HrkQzkY4u90MDOriQrIAZIrUKxGSUsjEfpM4rNts.webp

Ақтөбе қаласындағы қоқыс полигонында өрт болып, қызыл жалын шамамен бір жарым сағат ішінде сөндірілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 26 мамыр күні сағат 15:36-да тіркелген. Ал сағат 17:02-де өрт толық сөндірілген. Жалын шарпыған аумақтың көлемі 600 шаршы метрді құрады.

Өрт полигонның жаңа бөлігіндегі 18 картаның екеуінде болған. Қалған 16 картада бұған дейін топырақ төселіп, алдын алу жұмыстары жүргізілгені хабарланды.

Қазіргі уақытта аумақта бықсу процесі жалғасып жатыр. Қайта тұтану мен түтіннің қалаға таралуының алдын алу үшін полигон аумағына құм мен топырақ төселуде.

«Өрт қайта тұтанып, қаланы түтін баспас үшін төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіру және салдарын жою жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардан 54 адам, 25 КамАЗ, 3 бульдозер, 7 тиегіш, 5 ассенизаторлық техника және 3 МДК техникасы жұмылдырылған.

Сонымен қатар Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 48 қызметкер мен 11 техника тартылған.

 

Пікірлер