Апат салдарынан Алматы мен облыстың бірқатар ауданы жарықсыз қалды

95
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nNzJpQrXMSIiRoeymejIYycBslAMfPeiU1KHUZQF.jpg

Бүгін, 14 тамызда Алматы мен Алматы облысында электр энергиясын беруде жаппай іркілістер болып, жарық сөніп қалды. Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адыреа".

"14 тамызда сағат 14:38-де KEGOC АҚ-ға тиесілі кернеуі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апат салдарынан ажыратылуына байланысты "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушылар электр энергиясынан ажыратылды", – делінген түсініктемеде.

Апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуы салдарынан ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт болды.

Алматы облысында мына аудандарда электр энергиясы өшті:

  • Жамбыл ауданы;
  • Балқаш ауданы;
  • Есік ауданы;
  • Қарасай ауданы;
  • Шелек ауданы;
  • Райымбек ауданы;
  • Ұйғыр ауданы;
  • Іле ауданы;
  • Кеген ауданы;
  • Талғар ауданы.

Алматы қаласында мына аудандар электр энергиясынан ажыратылды:

  • Бостандық ауданы;
  • Наурызбай ауданы;
  • Әуезов ауданы;
  • Алатау ауданы.

Қазіргі уақытта "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары тұтынушыларға электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Пікірлер