Қазақстан Ресейге әскери техника мен сарбаздарын жібермек

252
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/csAOqQymwRVCe5mBd1dPW9S4Ei59ypXuiUUmvKKL.jpg

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан алдағы күндері Ресейге әскери техника мен сарбаздарын жібереді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей Федерациясының аумағында ҰҚШҰ-ның «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған. Оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу аясында 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында әскери техника мен жеке құрамды теміржол көлігімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресейдің Челябі облысындағы Мисящ станциясына дейін және кері қарай жоспарлы түрде тасымалдау жүзеге асырылады», – деп хабарлады дүйсенбі күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, оқу-жаттығулар барысында далалық сабақтар өткізіліп, әскерлерді қайта топтастыру, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау мәселелері пысықталады.

«Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлығының бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі. «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» оқу-жаттығулары тұрақты негізде өткізіліп, Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезектесіп ұйымдастырылады», – деп толықтырды Қорғаныс министрлігі.

 

Пікірлер