Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін өткізеді

2003
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7459-960x500.jpeg?token=c0e477e0ea3a8b65be34e34a4ca197f1

5 қазан күні Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында Stranger атты жеке концертін өткізеді. Бұл туралы әнші Алматыдағы жанкүйерлерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды “Адырна”, 

Алматы аренада жиналған жанкүйерлер бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қарсы алып, тоқтаусыз қошемет көрсетті.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Димаш Нью-Йорктегі Barclays Center сахнасында аншлагпен өткен Arnau Tour Envoy концертін берген болатын. Ол кезде концертке әлемнің 63 елінен жанкүйерлер жиналған еді.

26 мамыр күні Алматыда өткен D&Dears атты фан-кездесуге 45 елден 10 мыңға жуық адам келген. Испания, АҚШ, Ресей, Колумбия, Эквадор, Чили, Швейцария, Бельгия және басқа да елдерден келген тыңдармандар сүйікті әртістерімен жүздесті.

Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті – 2026 жылы Қытай телеарнасында өтетін вокалдық шоуға продюсер ретінде қатысатынын мәлімдеді.

Кездесу басында көрермендер Димашты өтіп кеткен туған күнімен құттықтап ән шырқады. Сондай-ақ, әнші сахнада телефон арқылы Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға хабарласып батасын алды.

Пікірлер