Даңқты бапкер Серік Әбденәлиев дүниеден озды

4149
Adyrna.kz Telegram

Қазақ боксы орны толмас қазаға ұшырады. Қазақстанның спорт ардагері, аты аңызға айналған боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев қайтыс болды, деп хабарлайды adyrna.kz.

Бұл туралы бүгін боксшы Мұхтархан Ділдәбеков өзінің facebook парақшасында жазды.

"Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Серік Әбденәлиев дүниеден озды.
Серік ағамыз өмірін боксқа арнаған жан.
Өзі боксшы ретінде бірнеше рет ел чемпионатында топ жарып, Қазақстанның бас жаттықтырушы ретінде де құрама командасының жетістіктері жеткілікті, соның ішінде біздің боксшылар Атланта олимпиадасында төрт медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, Сидней олимпиадасында бокс жарыстарына төрелік еткен бірінші қазақстандық төреші ретінде танылды.
Серік ағамыздың отбасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын..." деп жазған.

Пікірлер