Азаматтық қоғам институттары
26.09.2023
Жаңалықтар
Заңсыз қолды болған активтер жайы. Қазақстанда қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылмақ
Қазақстан үкіметінің отырысында "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС құру мәселелері қарастырылды.  2023 жыл, 21 қыркүйектегі қаулыға сәйкес, қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылатын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару,..
09.09.2023
Жаңалықтар
Қазақ тілін міндеттеген заң. Елде блогерлердің қызметін реттейтін құжат күшіне енді
Мемлекет басшысы  10 шілдеде қол қойған  "Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" ҚР Заңы бүгін күшіне енді. Заң блогерлер мен әлеуметтік желілерде белсенділердің қызметін жүйелеп, қоғамдық әрекетін құқықтық тұрғыдан реттеуді көздейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Сонымен қатар, қабылданған заңға сәйкес, ел аумағындағы онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынады. Заңның басты ерекш..
02.09.2023
Жаңалықтар
Нобель қоры Ресей, Беларусь және Иран елшілерін марапаттау рәсіміне шақырмайтын болды
Нобель қоры Ресей, Беларусь және Иран елшілерін марапаттау рәсіміне шақырмайтын болды. Мұндай шешімді қор өкілдері әлгінде ғана хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Нобель қоры Ресей, Беларусь және Иран елшілерін Стокгольмдегі марапаттау рәсіміне шақырмайтынын айтты (өткен жылдағыдай). Нобель қоры өкілдері бұрын жарияланған тізімнің (олар барлық елшілерді шақырамыз деп шешкен)  қоғамда "қатты дүрбелең, қарсылық" тудырғанын жазды. Қордың..
09.08.2023
Жаңалықтар
Петропавлды Ресейге қосуды армандаған сепаратист қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Қазақстанның солтүстігіндегі Қызылжар қаласын Ресейге қосу туралы мәселе көтеріп, мемлекеттік шекараның тұтастығын бұзуға әрекеттенген, сепаратист Валерий Лихушин қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы pkzsk.info сайтына сілтеме жасап. Өткен жылы  Петропавл қалалық соты Facebook әлеуметтік желісінде «Пётр Сидоров» деген лақап атпен тіркеліп алып, қазақтың тілін, қазақ халқын қорлап және Петропавл қаласын Ре..
08.08.2023
Жаңалықтар
"Болашақпен" оқыған Кентау экс-әкімінің ісі. 2,8 миллион доллар пара жайы сотта қаралуда
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудандық сотында бірнеше аптадан бері Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповтың соты болып жатыр. Бұрынғы әкімге кәсіпкерден 2,8 миллион доллар пара алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Еске сала кетейік, Рашид Аюпов 2022 жылы Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Сол жылдың қазан айында ұсталды. Ол Alageum Group компаниясының иесі – белгілі кәсіпкер Сайд..
31.07.2023
Азаматтық қоғам институттары
Жақиянов неден жаңылды?
Ғалымжан Жақиянов - бұл есім-сойды мұқым қазақ құрмет тұтады. Оның екі мыңыншы жылдардан бері авторитарлы биліктің дегеніне көнбей, Қазақстанды демократиялық мемлекет ету жолында аянбай күресіп келе жатқанын, тіпті саяси көзқарасы үшін абақтыға да қамалғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Қоғам Ғалымжан Жақияновты ашық ойлы, әділ, шыншыл, ұстанымы жолында құрбандыққа бара алатын адам деп таниды. Осындай мақтаулы мінездерімен көптің көңілінен шыққан ..
18.07.2023
Жаңалықтар
Жапаров мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді міндеттейтін заңға қол қойды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров барлық мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді, меңгеруді міндеттейтін ел парламенті қабылдаған конституциялық заңға қол қойды. Бұл туралы республика басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.  Енді Қырғызстандағы конституциялық заң бойынша телерадиокомпаниялар, оның ішінде жекеменшік компаниялар мемлекеттік тілде кемі 60% хабар таратуы тиіс. "Қырғыз Республикасының Презид..
Тағы жүктеу