Қазақстан коронавирусты жеңді ме – Денсаулық сақтау министрі жауап берді

3571
Adyrna.kz Telegram

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы шектеу шараларының жеңілдегені туралы хабарлады. Атап айтқанда, еліміздің барлық аймағында Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану, әлеуметтік қашықтықты сақтау, дене қызуын өлшеу, маска тағу талаптары алынып тасталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алайда Министр Ажар Ғыният Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстанның коронавирусты әлі толық жеңбегенін айтты.

«Коронавирустың соңғы 5-толқыны омикрон штамымен көтерілді. Генотиптік зерттеулер ақпан айында біздің елімізде 75% омикрон штамымен, қалғаны дельта штамымен айналыста болды. Дельта штамы өте ауыр болды. Өлім-жітімге көп әкелді. Омикрон нұсқасы жеңілдеу болып жатыр. Соған байланысты бұл ауру өтті, ондай қорқыныш жоқ деп айтуға болмайды. Әлі де коронавирустың қатаң түрлері кездесіп жатыр. Бүгінгі күннің өзінде де күн сайын 300-ден астам адам тіркелуде. Оның ішінде ауруханаға – реанимацияға түсіп жатқан адамдар да бар. Сондықтан бұл ауру кетті, жеңдік деп айтуға әлі ерте», - деп түсіндірді Ажар Ғыният.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер