Назарбаев және оның айналасындағылар ұрлаған қаржы, мүлікті елге қайтарсын!

10400
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық дереккөздерден алынды
Фото ашық дереккөздерден алынды

Қазақ халқы мен қазақстандықтарға!

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.-Ж.К. Тоқаевқа

 

АШЫҚ ХАТ!

  1. Президент Тоқаевтың Ресей-Украин соғысына елден әскер жібермеу туралы шешімін қазақстандықтар қолдайды;
  2. Халқымыздың, «үй сыртында дұшпан бар» дегені бүгінгі халықаралық жағдайдың арқауы болғандықтан, ел болашағы үшін қоғамның бірігуі аксиомаға айналды. Оны тәуелсіздіктің маңызды тарихи мүмкіндігі деп қабылдап, - билік, зиялылар, диаспоралар, оппозиция… қоғамдағы барлық позитивті және креативті күштер жігер мен қуатты бір бағытқа жұмсауы керек. Ол, қазақ идеяы мен «Жаңа Қазақстан» жобасын іске асыру яғни қоғамның өркениет (адам құқығы мен сөз бостандығын сақтау, демократиялық қоғам құру…) жолға түсуін іске асыру.

Ол үшін іштегі коррупция, траиболизм, мәңгүрттікпен… бірге күресіп, өзара түсініспеушілікті қоғамның пайдасына айналдыру қажет.

Оны іске асыру үшін, елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, диаспоралар, Ұлттық компаниялар, партиялар мен оппозицияны біріктірген «Қазақстан Альянсы» қауымдастығы Парламент, Үкімет, ПӘ, Қоғамдық Кеңестермен бірге ай сайын академик О.Сәбденнің ұсынысына сай актуальды мәселені бірге талқылап, ортақ шешім қабылдауды ұсынады.

  1. Коррупционерлердің орталығына айналған «НұрОтан» партиясын бюджеттен қаржыландыру заңсыз және ол қоғам дамуына кедергі болғандықтан таратылуы қажет. Жаңа қоғам үшін билік пен Парламентке ел ішінен сайланған шынайы партиялар келуі керек.
  2. 30 жыл бойы билікті зорлықпен ұстап, отбасымен бірге елді тонайтын жүйе қалыптастырған коррупционер Назарбаевтың:

- атындағы көше, ескерткіш, аэропорт, қала... аттары тарихи тұлғалар мен бұрынғы аттарына өзгертілсін. Оның тарихтағы бағасын халық пен уақыт анықтайды;

- Назарбаев және оның айналасындағылар ұрлаған елдегі-шетелдегі қаржы, мүлік, оның ішінде Оңт.Америка мен Африкадағы алмаз кенорындары, Германиядағы зауыт т.б. Үкіметке қайтарылсын;

- Диктатор және оның айналасындағылар заңсыз иемденген компания, банк, кенорындары т.б. құрылымдық және стратегиялық объектілер мемлекетке қайтару туралы тиісті шешімді наурыздан қалмай шығару керек. Бұл шараларды іске асырмай экономиканы дамыту мүмкін емес.

  1. Экономика, энергетика, білім-ғылым, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы т.б. саясатты түпкілікті өзгерту қажет. Мысалы:

- Алматыдағы т.б. қалалардағы ТЭЦ-терге «Самрұқ-Қазынаның» (СҚ) ешқандай қатысы жоқ. СҚ Алматының ТЭЦ-ін газға айналдыру жобасы Париж келісіміне қайшы, улы газ СО2-ден тазарту мәселесін шешпейді және баламалы энергетикаға айналдырудан 6-7 есе қымбат. Әр қаладағы ТЭЦ-терді жергілікті әкімшіліктерге беру керек;

- қазақ жастарының 30-35% ғана бір жылдық әскери борышын өтеуде. Елдегі басқа ұлт өкілдері 30 жылда әскерге мүлдем шақырылмады (әскерге барудың да, одан қалудың да құны $300 пара). Бұл азғындық саясатты түпкілікті өзгертіп армияны екі жыл және жастардың барлығын әскерге баруға міндеттеу қажет. Әскери мектепті өтпеген білімсіз жастар халықтың қаржысына салынған ғимараттарды өртеп-тонау, вандализмге бейім болады;

- Қорғаныс саласында Түркия, Әзірбайжанның жаңа соғыс тактикасы мен стратегиясына негізделген арнайы бағдарлама қабылдау қажет;

- Президент әрбір сұхбат, баяндамасында адам капиталы мен инновацияны дамыту қажеттігін айтқанымен, Қ.Аймағамбетовтың бұл салаларды дамытуға кедергі болып отырғанын «Қазақстан Альянсының» ғалымдары ескертті. ХХІғ. ел дамуын айқындайтын кванттық (-физика, -химия... -технологоияда) ҚР Батыстан бір ғасырға, РФ-дан 70 жылға, адам капиталы мен инновацияны дамытудан 40-50 жылға артта қалды. Елде институт түгел, кванттық физиканың маманы жоқ. Осы салаларды дамытудағы біздің ғалымдардың қатысуымен дайындалып Түркия, Сингапурларда іске асып жатқан Халықаралық жобаны енгізуге Аймағамбетов қарсы. Себебі, ғылымда жоқ «политологияның маманы», Мәскеудің гей-парадтарының белсенді мүшесі басқаратын министрлікке қарайтын мектептерде мемлекеттік тілді он жыл оқыған шәкірттері, ол тілде он сөз білмейді, универлер мен ҒЗИ жөні түзу тілашар методика шығаруға қауқарсыз... Бұл саланы ұрлықтан да жаман «қасиетті қарапайымдылық» (Святая простота) жайлап, орта және Жоғарғы білім 1960-1980жж. деңгейінде қалған. Алматыда Англиядағы рейтингі ең төмен университеттің филиалын ашса, СҚО М,Қозыбаев атындағы мемуниверситетін өз шешімімен он жылға жалға бергені үшін қазақстандықтар Президенттен оның кетуін талап етуде. Аймағамбетов болса өзіне $100 мың сыйақы тағайындап, 2017 жылдан бері бірнеше млрд коррупцялық жобаларға қол қойған (ютубты қараңыз). Президенттен, Аймағамбетовті жұмыстан бір айдың ішінде босатуды талап етеміз;

- ҚР Президентінің аппараты-3 000 адамнан (жылына қазынадан $230 млн шығын), РФ-1 729 ($130 млн), Украина-428 ($40 млн) тұрады. ҚР шенеуніктердің үлесі Швейцария мен Жапониялардан 15-20 есе көп. Бюрократия мен коррупцияның қайнар көзіне айналған аппаратпен ешқандай реформа жасалмайды. Қоғамдағы өзгерісті аппаратты оқшамдаудан бастау керек.

 

Құрметпен,

Халықаралық қоғамдық ұйымдар:

- Азербайджан, Армения, Грузия, Түркия, Венгрия, Қазақстан, Ресей, Финляндия, Франция, АҚШ, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, барлығы 16747 мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалым-профессорлар, мәдениет қайраткерлері - түркі, угро-фин, кавказ халықтары Конгрессінің мүшелері;

- Елдегі диаспоралардың мәдени Орталықтары, Қазақстанның «Славян, орыс және казак Қауымдастығының» қолдауымен;

- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан ғалымдар, генералдар, жазушылар, композиторлар т.б. творчестволық Одақтары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Қазақстанның қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар, Ауған соғысы ардагерлері, 12 көп балалы аналар Қауымдастықтары мен 17 республикалық газет-жорнал реакциялары, елдегі партиялар, Халықаралық Адам институты, «Атажұрт» т.б. барлығы 47 республикалық ұйымдар мен зиялылар құрған Қазақстан Альянсының Ұйымдастыру алқасы атынан:

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай - физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СӘБДЕН Оразалы – ҚР ғалымдар қауымдастығының Төрағасы, экономика ғылымының докторы, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӘКІМ Жанұзақ – Қазақ жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ӘУБӘКІРОВ Тоқтар – ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры және Халық Қаһарманы;

ШАХАНОВ Мұқтар – ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, «Түрік әлемінің» үздік ақыны;

СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас- Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Төрағасы;

ӘУЕЗОВ Мұрат – ғалым, ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, мемл. қайраткері;

ТҰРСЫНБАЕВ Балташ - ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, мемлекет қайраткері, «Ел мен жер» қоғамдық қорының Төрағасы;

ДАГ ДҰРАН Ахмет – профессор, философия докторы, Түркі халықтары мәдениет қорының Президенті;

ӘШІМОВ Асанәлі – Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР және ҚСРО халық әртісі, ҚР және ҚСРО  мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты;

ОСМАН Асылы – педагогика ғылымд. кандидаты, Әзірбайжан мәдени Орталығының мүшесі;

ҒАББАСОВ Совет-Хан - медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;

НҮСІПЖАНОВ Нұрғали – Қазақстанның халық әртісі, қоғам қайраткері;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;

СМАҒҰЛОВ Елубай – жазушы, тарихшы, кинопродюссер;

ТОҚАШБАЕВ Марат - ҚР ПҒА академигі, профессор, қоғам қайраткері;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі;

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ИСАБЕКОВ Дулат - «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҚАРАҚҰЛОВ Жексенбай – Алматы қ-сы, Халықаралық Қазақ «Бейбітшілік Әлемі-Планета Мира» бірлест. Халықаралық жазушылар одағының төрағасы;

ИСА Казбек – ақын, ҚР Парлмаентінің депутаты, ҚР мәдениет қайраткері;

ҚАЙСАРОВ Уәлихан –ҚР Парламентінің экс-депутаты, қоғам қайраткері;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымд. докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

БАЙМҰРАТОВ Ораз –Экономика ғылымд. докторы, профессор, ҰҒА академигі;

ЖАЛҒАСҰЛЫ Нариман – техника ғылымдарының докторы, Ұлттық тау-кен ғылым академиясының академигі;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы, қоғам қайраткері;

СҮЛЕЙМЕНОВ Жарасбай- ҚР Парламентінің экс-депутаты, жорналис, қоғам қайраткері (Петропавл);

ӘБДУӘЛИҰЛЫ Бекжан – филология ғылымдарының докторы, профессор;

СӘТБАЕВ Досым – саясаттанушы, халықаралық жорналис;

БАПИ Ермұрат - «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. – редактор, қоғам қайраткері;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  - қоғам қайраткері, жорналис;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

КӨШІМ Дос -"Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы;

АҢСАТ Садуақас- «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда);

ӘЛІПҚАЛИЕВ Тихон - жорналис, қоғам қайраткері (Орал);

БІЛӘЛ Құдияр – жазушы, респ. «Жалын» жорн. хатшысы, қоғам белсендісі;

РАҚЫШЕВ Еркін – респ. «Ел мен Жер» қозғ. атқ. директоры, кинорежиссер;

БАЙЖАНОВА Дина – «РЦКУ-Ақтау» ЖШС контролері (Ақтау);

ҮСЕНОВ Данияр – «Санжар құрылыс» ЖШС;

КӨПТІЛЕУОВ Нұрлан (Қызылорда);

АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист, жазушы;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден– Ғ.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат;

ШОРАЕВ Арман – тележорналис, редактор, қоғам қайраткері;

ӘБУТАЛИПОВ Әспен –ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

ЕСЕНҚОС Серікжан – қаржыгер (2000 жылдары Әлемдік банк қызметкері), қоғам қайраткері;

ЖАҢАЛТАЙ Бешір – жорналис (ВВС-да істеген), қоғам қайраткері (Лондон);

КӨКБҮЛЕН Аттила – кәсіпкер, қоғам белсендісі (Париж);

ҚҰСМАН Абзал- заңгер, қоғам қайраткері;

 

Маңғыстау-Жаңаөзеннің қоғам қайраткерлері мен белсенділері:

ҚАЛИЕВ Сайлау;

НУРИХАНОВ Ысқақ;

РАЙЫМБАЙҰЛЫ Қаржаубай;

АХМЕТОВ Орынғали;

ӘБІЛОВ Аманберді;

ЕРСАЙЫНҰЛЫ Уайс;

ШАХМЕТОВ Мұрат – қоғам белсендісі (Атырау);

ХАЙРУЛЛИН Армен – қоғам белсендісі, эколог (Атырау);

ШОРМАНОВ Мұрат – Атырау обл. фермерлер Одағының төрағасы, кәсіпкер-меценат (Атырау обл.);

РАХИМОВА Салтанат – заңгер, белсенді (Атырау);

ЖАЙЫҚ Арман- жорналис, ақын, белсенді (Атырау);

АЯН Талғат- қоғам белсендісі (Атырау);

БОҚАЕВ Макс – қоғам белсендісі (Атырау);

КУШКАЛИЕВ Мақсот (Атырау);

ИЛЬЯСОВ Шорман (Талдықорған);

МЕРАЛИЕВ Мазмут – кәсіпкер-демеуші (Атырау);

АРАЛБАЕВ Жәнібек – а/ш ғылымд. кандидаты, фермер-кәсіпкер (Атырау);

НҰРҒАЗИЕВА Әсел – заңгер, қоғам белсендісі (Атырау);

ДОСПАНОВ Жұмабай – жорналис, жазушы (Атырау);

ҚАРАШАЕВ Естай – қоғам белсендісі (Жаңаөзен);

 

Экологиялық альянс «Байтақ Болашақ» респ. қоғамдық бірлестігінен

ӘМІРТАЙ Азаматхан – РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақтың» Төрағасы;

НҰРАЛИЕВА Салтанат – РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақтың» жауапты хатшы;

БАЙМАҒАМБЕТОВ Тлеп – Маңғыстау обл. филиалы директоры;

ІЗБАСАРОВ Есенбай –Атырау обл. филиалының директоры;

ДІЛДӘБЕКОВА Әсел –Алматы қ-сы филиалының директоры;

НҰРХАНОВ Қайрат –Талдықорған қ-сы филиалының директоры;

БАТЫРОВ Қуандық –“Sakhara” газетінің Бас редакторы;

МАЛАЕВ Эльдар – Жамбыл обл. Филиалының директоры;

СМАГУЛОВ Орал – Ақмола обл. Филиалының директоры;

КӨЛБАЙ Данабай –«Тұран ойпаты-Арал теңізі» ҚБ президенті;

ЖҰМАҒҰЛОВ Уалихан - «Тұран ойпаты-Арал теңізі» ҚБ аппарат басшысы;

ӘЛЯДИНОВ Зейнетолла - «Тұран ойпаты-Арал теңізі» ҚБ ақсақалдар алқасы;

НАДИРБЕКОВ Габит – РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақ» атқ. директоры;

НЫҒМЕТЖАНОВ Қанат- Астана қ-сы филиалының директоры;

ДӘУРЕНБЕК Сахым – БҚО филиалының директоры;

АМАНБАЕВА Миновар – Сарыағаш ауд. Корреспондант;

ЕГЕМБЕРДИЕВ Таубай - РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақ» белсендісі;

МҰҚАШЕВ Тыныбек - РҚБ Эко-Альянс «Байтақ Болашақ» кәсіподақ белсендісі;

МАХАМБЕТОВ Қонысбай (Ақтөбе);

ТАСТАНОВ Бақыт (Түркістан);

БАЙМЕНОВ Бақытхан (Қызылорда);

БАЙКУБЕНОВ Елжас (Қазалы);

САТУАҚОВ Айбол (Ел астанасы);

САДЫҚОВ Екпін (Атырау);

ТӨЛЕБАЕВ Нағызхан (Ел астанасы);

БЕЙСЕНБАЕВ Аманғали (Алматы обл.);

ҚАБИДОЛЛАҚЫЗЫ Анар (Алматы қ-сы);

ШОНКУ Хайратхан (Алматы қ-сы);

ЖАЛҒАСҰЛЫ Нариман;

БАЙМІШЕВА Нұржамал- «Желтоқсан ақиқаты» респ. қоғамдық бірлестігі;

ИСАБЕКОВА Патсакүл - «Желтоқсан ақиқаты» респ. қоғамдық бірлестігі;

АҚБЕРДІ Айгүл – белсенді;

ТӘНЕКЕЕВ Жанат (Алматы қ-сы);

БОҚАЕВ Санжар –тележорналис, сарапшы;

НҰРҚОЖАЕВ Болат (Қызылорда);

РАҚЫМЖАНОВ Асхат –ОСДП жетекшісі;

ТӨЛЕЕВ Рысқали – Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының атқарушы директоры;

ТОБАЯҚОВ Бақытжан –ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты;

СҮЛЕЙМЕНОВА Сажида - «Желтоқсан ақиқаты» респ. қоғамдық бірлестігі (Түркістан обл.);

ӘБДІХАЛЫҚОВ Сәттібай (Балхаш);

ҚАЛЫБАЙ Жарылқап – редактор, жорналис, қоғам қайраткері;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  - Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия - тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;

ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы;

ҚАНАТБАЕВ Серік - ветеринария ғылымд. докторы, қоғам белсендісі (Орал);

ОШАНБЕКОВ Нұржан – «Ел мен жер» қоғамдық ұйымының директоры;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ШАЛАБАЕВ Құсман – философия ғылымдарының докторы, Алматы қаласы «Қазақ тілі қоғамының» Төрағасы;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта - Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының Төрайымы;

ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – журналис, қоғам қайраткері;

ЕГЕУБАЕВ Айдын – қоғам қайраткері;

ОРЫС Мамырбай- қоғам белсендісі;

ИСА Жасұлан – қоғам белсендісі, заңгер;

ӘУБӘКІР Арман – «Адырна» республикалық қоғамының Төрағасы;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст -  жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын, қоғам белсендісі;

ҚАПТАҒАЙ Қ. -  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ  Дәурен «Қазақ әдебиеті» газеінің Бас редакторы;

СӘДУҰЛЫ Бисенғазы - «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлест. Төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

ҚОЖЫҚОВ Жәнібек – қоғам белсендісі (Маңғыстау обл.);

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);

ХАМИТОВА Жамиға – мұғалім, қоғам белсендісі (Павлодар);

ҚАНАТОВ Бақытгүл – заңгер, қоғам белсендісі (Ақтөбе);

ЫБЫРАЙ Мая - қоғам белсендісі (Павлодар);

БАЙБОСЫН Сайлау- жорналис, редактор (Павлодар);

СЕЙДАЛИЕВ Самат – кәсіпкер (Павлодар)

АҚАБАЙ Гүлнар – кәсіпкер, қоғам белсендісі;

АХМЕТОВ Әзілхан - республикалық «Адам капиталы» жорн. Бас редакторы;

МАМЫҚОВА Нәзипа – «Саясат-Ақпарат» газетінің Бас редакторы (Шымкент);

ӘШЕТАЙ Рүстем –Ұлттық әлеуметтік даму қорының президенті (Шымкент);

НАРЫМБЕТОВА Бисенкүл – «Қызмет» газетінің Бас редакторы (Шымкент);

ДӘБИ Рысбек – ақын, Жазушылар Одағының мүшесі (Шымкент);

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналис, ғалым;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны, қоғам белсендісі;

ШАМБИЛ Венера;

ЗИКИРИН Ержан;

БӨЛЕКБАЕВ Нұрлан;

ҚАДЫРБЕКҚЫЗЫ Маржан;

ҚАЙРОЛЛАҚЫЗЫ Күннәр;

БАХТЫБАЕВ Еркін;

ЕСЕНОВ Армия;

ТӨЛЕБАЕВ Нағызхан;

АЛДАБЕРГЕН Ержан;

САҒЫМБАЕВ Самат;

НЕСИПБАЕВ Адиль - Президент РКБ « ARSISTEMKZ», заңгер, экономист, BIM Менеджер;

ҚАРМЫСОВ Әсет;

САДЫҚОВ Нураддин;

ДЖЕТИБАЕВ Пернебай;

РАМАЗАНОВ Маратбек –«Желтоқсан-86» ШҚО ұйымының Төрағасы;

САРЖАЛ Әсен - белсенді (ШҚО);

АЛИМЖАНОВ Асен – Желтоқсан ұйымы белсендісі (Семей);

БОЛАТБЕК Әбдікәрім — «Семей ЯП» қоғамдық қордың және «Астана қаласы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы.

МАШРАЛИН Мұхит;

МҰҚАНОВ Дәурен - аудармашы, әдебиеттанушы;

БӨТЕЕВ Марат - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемл. тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. - Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. - журналист, қоғам қайраткері;

КӘРІПЖАН Аманғазы – ақын, қоғам қайраткері;

САТҚАНОВ Дәурен - тележорналис, қоғам белсендісі;

Ұялы тел.: +7 775 726  2054, +7 707399 7667 (Уайс Ерсайынұлы, Маңғыстау), +7 771 149 71 81 (Әзілхан Ахметов, Шымкент)

E-mail: worldcongr20@gmail.com.

«Қазақстан Альянсының» атқарған негізгі істері:

2012ж. – мемл. тіл туралы Үкімет қаулысының қабылдануына мұрындық болды;

-Ресейде, Петербордан-Иркутскге дейін қазақ тілін үйренетін 32 топ аштыру;

2013ж. - 20 жылда мемл тілде бірде-бір оқулық, не монография жазбаған 46 университетті қысқарту (оптимизация);

2014ж. - мемл тілді меңгермеген Төтенше жағдай Агенттігін жаптыру;

- Президент Әкімшілігімен бірге елдегі барлық жетім балалар үйлері, бала-бақша, мектеп, колледж, универлердегі он бес жылдағы мемл тілдің деңгейін саралау;

2015ж. - екі АЭС салуды тоқтату;

- киіктің жаппай қырылуына байланысты Үкімет Комиссиясын құрғызу;

- қандастардың елге келуіне үш жыл жарияланған мораторийді бұздырып, олардың елге келуіне жол ашу;

2016ж. - Жер сатуға мораторий жариялату;

  • Үкімет жанынан жер Комиссиясын құрғызу;
  • ҚХР сотталған ҚР студентінің өлім жазасын жеңілдету;
  • 1 760 000 адамға жер алды;
  • 08.16. Жер сатуды қолдап жүрген Мәсімов Үкіметін отставкаға кетіру;

2017ж. – Бас прокуратура білім сапасы төмен 22 универдің лицензияларын қайтарып алып, олардың біразын академияға түсірді және жабуда;

2018ж. -2025 жылға дейін жастарға арналған екі млн пәтер салуға бюджеттің бағдарламасына кіргізді;

2019ж. - елде бір АЭС салуды тоқтату;

2020ж. -«Борат-2» фильмінің әлемге тарап, кинофестивальдерде көрсетуге тиым салу... Осы жылдар екі облыстың төрт әкімі ҚР қарсы митинг ұйымдастырғаны, казактарға қаржы бөлгені т.б. үшін жұмыстан кетті. Альянс өткізен 50-ден астам акцияларына ресми органдардан 430-дай жауап хат алды.

 

 

Пікірлер