Нұр-Сұлтанда донорлар құрметіне мотошеру өтті

1943
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Дүниежүзілік донор күні қарсаңында Елордада мотошеру өтті. Бұл туралы «Хабар 24» жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Халықты қан тапсыруға үгіттейтін іс-шара үшінші рет ұйымдастырылды. 10 мотоцикл қатар тізіліп, қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Жалпы алғашқы үш айда елімізде донорлар 70 мың рет қан тапсырған екен. Ғазиз жандар үнемі қол ұшын созғандықтан, Қазақстанда қан тапшылығы жоқ. Дүниежүзілік донор күні 14 маусымда аталып өтеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер