Бағдат Мусин Apple компаниясының бас директорына алғыс айтты

2545
Adyrna.kz Telegram
Фото: politic.kz
Фото: politic.kz

Қазақстанның Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Twitter-дегі парақшасында барша қазақстандықтар атынан Apple компаниясының бас директоры Тим Кук пен компания ұжымына қазақ тілін iOS жүйесі тілдерінің тізіміне қосқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, ол компания директорына өтініш жасады.

«Халқымыздың латын әліпбиіне үйренуіне көмектесу үшін Apple компаниясы кириллицадан латынға автоматты транслитерацияны қосса, біз де риза болар едік», - деп жазды министр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер