Президент Экология министрінен киіктердің санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті

4139
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінен киіктердің санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Киік – қазақ үшін киелі жануар. Табиғи ландшафттан 80 мың киікті жою, яғни ату ұсынылды. Мәселені шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мамандармен ақылдасыңыз. Бұл ақырғы шара болуға тиіс. Бәлкім, бұған да жүгінерміз. Бірақ, бұл амалсыз шара болуы керек екенін ескертемін. Осы мәселені кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер