Түркістанда қатты ыстықтан жол көтеріліп кетті (ВИДЕО)

3994
Adyrna.kz Telegram

«Самара-Шымкент» тас жолында +47 градус ыстық салдарынан бетон көтеріліп кетті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда шұғыл жөндеу жұмыстары басталды.

«Қазіргі уақытта "ШымкентДорстрой ӨК" ЖШС мердігерлік ұйымымен ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Экскаватор, каток, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған. Кеш батқанға дейін жол жүру толық қамтамасыз етіледі. Жылдамдықты шектен асырмай, мұқият болуды сұраймыз! Осындай жағдайларға куә болсаңыз, шұғыл 1403 call-орталығына хабарлауыңызды өтінеміз»,— деп жазды компания.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер