Руслан Иманқұлов Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды

1560
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып Руслан Иманқұлов тағайындалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Руслан Иманқұлов 1985 жылы Жамбыл қаласында туған, білімі жоғары.

ТЖ министрлігіндегі өз еңбек жолын Жамбыл облысы ТЖ департаментінің маманы болып бастады. ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, ҚР ИИДМ БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті.

Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер