Қазақстандық жұп биатл мен триатлдан Әлем чемпионатында алтын алды

4644
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық спортшылар Португалияның Мадейро қаласында биатл мен триатлдан өтіп жатқан Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мұнда 9 бен 60-тан асқан 35 елдің 672 атлеті айдың аяғына дейін өзара шеберлік байқасады. Бүгін Ұлттық құрама спортшылары аралас эстафетада қос жүлдеге қол жеткізді. Триатлдан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Анель Исабаева мен Анатолий Голубь чемпион атанды. Қалған жүлдені литвалық жұптар өзара бөлісті. Сондай-ақ 17 жасқа дейінгі биатл сынында Юлиана Петрова мен Никита Дубицкий мәреге 2-болып келді. Жалпы әлем чемпионаты 31 қазанда мәресіне жетеді»,—деп жазды Спортты дамыту дирекциясы.

Айта кетейік, биатл мен триатл — балаларды бессайысқа баулитын спорт түрі.

Пікірлер