Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы мен локомотив соқтығысып қалды

2630
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы бүгін ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір теміржол станциясында жолаушылар пойызы маневрлік локомотивпен соқтығысқан.

Салдарынан «Бішкек-Самара» бағытымен жүретін №317 жолаушылар пойызының тепловозы, №1 вагоны және №2 жолаушылар пойызының 3 доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері және ҚТЖ қалпына келтіру пойызы жөнелтілді, - делінген хабарламада.

Релістен шығып кеткен пойызда 200-ден аса адам (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері) болған. Жолаушылар зардап шекпеген. Олар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.

Апатқа қатысты жедел штаб құрылды. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Пікірлер