Қарағанды ауасы ластанған қалалардың әлемдік рейтингінде 23-ші орында тұр

3205
Adyrna.kz Telegram
Фото: karaganda-akimat.gov.kz
Фото: karaganda-akimat.gov.kz

Қарағанды ауасы ластанған қалалардың әлемдік рейтингінде 23-ші орында тұр. Бұл Швейцарияның IQAIR ауа сапасын бақылау компаниясының зереттеу жүргізуі нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

14 наурызда 2022 жылғы мәліметтер жарияланды. Әлемдегі ауасы лас 50 қаланың ішіне Қарағанды еніп отыр. Тіпті, Үндістанның қалаларымен шамалас деңгейде тұр, ал ол ең лас мемлекет болып саналады.

Ақпарат бойынша, Қарағандыда ауаның ластану индексі - 77,8.  2021 жылы ол 75,5 болса, бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай өскен.

IQAIR зиянды қалдықтар мен бөлшектерді санау арқылы ауа сапасын өлшейді. Ал ДДҰ мұның ауадағы концентрациясы текше метрге орта есеппен 10 микрограммнан аспауы керек екенін айтуда.

Айта кетейік, былтыр Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі күрт нашарлады. Зерттеулер нәтижесінде бұл көрсеткіштер рұқсат етілген әлемдік стандарттардан үш есе асып түскен.

Пікірлер