Еркебұлан Сейдахмет "Уфадан" кетеді

1695
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет Уфадан кетеді.

Футболист  жанкүйердің сұрағына жауап бергенде: «Мен басқа клубқа барамын, сондықтан қазір ойнап жүрген жоқпын», - деп жауап берді. Артынша, "ертең не болатынын білмеймін. Мүмкін Қазақстан Премьер-Лигасына оралатын шығармын" деген жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында алматылық «Қайрат» Сейдахметті сатып алуды жоспарлағаны жайлы ақпарат тараған болатын. "Қайрат" футбол клубының  президенті Қайрат Боранбаев "Уфа" клубының директоры Шамиль Ғазизовпен кездескен еді.

Пікірлер