Премьер-Министрдің кеңесшісі тағайындалды

1868
Adyrna.kz Telegram

“Мұрат Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды”, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Премьер-Министрдің жаңа кеңесшісі 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мұрат Жүребеков Қазақстаннан бөлек, Шотландия мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарында білім алып келген.
Еңбек жолында «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондондағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «PSA» ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды.

2019 жылдың шілде айынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі, кейін энергетика бірінші вице-министрі болған.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

Пікірлер