Қазақстан футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге ниетті

4386
Adyrna.kz Telegram

Футболдан 19 жасқа дейінгі 2026-2027 жылғы Еуропа чемпионатын Алматы мен Шымкентте өткізуге өтінім берілді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” порталы.

"Қазақстан футбол федерациясы мен ФИФА, УЕФА арасындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. 2022 жылы УЕФА Алматыда 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2022-20223 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтарын өткізуді Қазақстанға сеніп тапсырды. Бұл біздің халықаралық іс-шараларды сапалы ұйымдастыруға қабілетті екенімізді дәлелдейді", - деді Барменқұлов.
Ол сондай-ақ алдағы уақытта футболдан Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін екенін айтты.
"Біз әлемдік футбол аренасында өз позициямызды нығайтуға белсенді түрде ұмтылудамыз. Футболдан 19 жасқа дейінгі 2026-2027 жылғы Еуропа чемпионатын Алматы мен Шымкентте өткізуге өтінім берілді. Бұл сұрақтың жауабы осы жылдың қыркүйек айында белгілі болады деп күтілуде", - деді федерация басшысы.
Пікірлер