Гүлнара Каримованың қомақты қаражат жымқырды деп айыпталғаны айтылды

1321
Adyrna.kz Telegram

Швейцарияның Бас прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримоваға қылмыстық ұйымға қатысқаны, қылмыстық кірістерді заңдастырғаны, мемлекеттік қызметші ретінде пара алғаны және құжаттарды қолдан жасағаны үшін айып тағып отыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі bbc-ге сілтеме жасап.

Прокурорлардың айтуынша, 51 жастағы Каримова сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұйымдасқан қылмыс туралы кең ауқымды істің басты қатысушысы болған. Ол Өзбекстанда жүздеген миллион доллар ұрлап, бүкіл әлем бойынша компания басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерге жүйелі түрде пара берді деп айыпталуда.

Тергеу нәтижесінде Швейцария билігі Өзбекстанға қайтарылуы тиіс 340 миллион швейцариялық франктан (ред. 370 миллион АҚШ доллары) астам активтерін тәркілеген.

Швейцариялық адвокат қорғауындағы Каримованы "барлық айыптауларға қарсы шығып, ақтау үшін күресетінін"айтты.

Ұлыбритания билігі Гүлнара Каримованың мүлкін тәркіледі. Гүлнара Каримованың әкесі, Өзбекстанның бұрынғы басшысы Ислам Кәрімовтың қызы.

Естеріңізге сала кетейік, Каримова Өзбекстанның атынан БҰҰ дипломаты ретінде бүкіл әлем бойынша көп саяхаттады.

2016 жылы Ислам Кәрімовтің өлімінен кейін ол қоғамдық өмірден алыстап кеткен еді. Қазір Гүлнара Өзбекстандағы түрмеде отыр.  Алаяқтық пен ақшаны жымқырғаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

Пікірлер